График работы
© 2015-2019 Медицинская клиника «Сенiм».
Все права защищены

Ғасыр дертімен күрес

ҒАСЫР ДЕРТІМЕН КҮРЕС.


             "Сенім" медициналық клиникасында облыстық СПИДтің алдын алу және күресу орталығының мамандары Кемазанова А.Ш., Таңатарова Ж.Ә., Жайлиева Г.Н. медицина қызметкерлерімен аурудың алдын алу шаралары жөнінде семинар сабақ өткізді. Бүгінгі таңда медицина саласында мәні зор мәселенің бірі болып отырған ЖИТС -тің (жүре пайда болатын иммун тапшылығы) жұқпалы ауруының эпидемиологиялық жағдайы көңіл тыншытарлық еместей. Үстіміздегі жылдың 4 айында республика көлемінде барлығы ЖИТС ауруымен 1091 адам анықталса, оның 8 баладан, облыс бойынша 19 адам анықталып отыр. Облыс көлемінде ауру деңгейінің жылдан жылға артып отырғаны байқалады - 2016ж.-32 ауру, 2017ж. - 41 ауру, 2018ж. төрт айында -19 ауру анықталып отыр. Семинар тақырыбының негізгі мақсаты емдеу мекемелерінде медициналық қызметкерлер арқылы арудан сақтану шараларын тұрақты сақтау, әртүрлі қауіпті жағдайларда жедел шаралар ұйымдастыра білу, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын белсенді жүргізу, тиісті контингенттерді дер мезгілінде зертханалық тексеруден өткізуді ұйымдастыру шараларын бірлесе талдау болды. Ең басты талап медицина қызметкерлерінің әртүрлі емдеу манипуляциялары арқылы ВИЧ -тің (иммун тапшылығының вирусының) таралуына жол бермеу, сақтық шараларын қатаң сақтау. Сонымен қатар, ауру адамды немесе вирус тасымалдағышты емдеу барысында медицина қызметкерлерінің вирусты өздері жұқтырып алудың профилактикалық шараларына мұқият болу. Семинар сұрақ-жауап түрінде жүргізіліп, тақырып еркін талқыланды.